10 шіл, 2019 сағат 10:23

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің twitter-дегі парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды», - деп жазды Б.Байбек. 

Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. Биыл Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.