30 қаң, 2023 сағат 13:44

Әлеуметтік желіде 777 нөмірлі көлікті тізгіндеген баланың видеосы тарады

видео кадры

Астанада мектеп жасындағы баласын көлік руліне отырғызған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлер 777 ZZZ 01 нөмірлі жол талғамайтын көлікті тізгіндеген баланы видеоға түсіріп алған. Ол EXPO-қалашығы аумағында көлік жүргізіп келе жатқан. 

"Полицейлер 45 жастағы көлік иесін анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-баптың 5-бөлігі бойынша "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана тұрғынына 50 АЕК мөлшерінде (172 500 теңге. – еск.) айыппұл салынды. 

Сондай-ақ, ол баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды" - делінген хабарламада.