27 сәу, 2020 сағат 11:15

Әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлем төлейтіндер нені білуі керек?

Әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлем төлейтіндер нені білуі керек? Осы сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекеттік кіріс комитеті елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған Бірыңғай жиынтық төлем төлейтіндерге 42 500 теңге әлеуметтік төлем бойынша туындайтын мәселелер бойынша түсінік берді. 

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ережесіне сәйкес (26.03.2020 жылғы №110 бұйрық) әлеуметтік төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушілері болып табылатын жеке тұлға үшін көзделген. Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлем жалдамалы қызметкерсіз жылына 1 175 АЕК-тен (2,96 млн теңге) кем мөлшерде табыс ала отырып, кәсіпкерлік қызмет шеңберінде басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуді немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған», делінген хабарламада. 

Мысалы, біржолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т.б. жөндеу), жекелеген жеке қызметтер (репетиторлар, күтушілер, отырғыштар, тапсырысқа тоқу), бағдарламаларды орнату қызметі (НЖ орнату, антивирус және т. б.), өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірілген сүтті, картопты сату, басқа жеке тұлғаларға және т. б.

«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін стационарлық нүктелер (коммерциялық объектілер - сауда объектілері, базарлар және т.б.) арқылы қызметін жүзеге асыратын адамдар БЖТ төлеуші бола алмайды. Бұдан басқа, БЖТ төлеуші - жеке тұлға дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) ретінде тіркелмеуі тиіс, олар үшін осындай әлеуметтік төлемдерді алудың өзге тәртібі көзделген және БЖТ төлеу талап етілмейді», делінген хабарламада. 

Осылайша, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде БЖТ төлеуші болып танылатын және жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету немесе басқа жеке тұлғаларға (салық агенттері болып табылмайтын) жеке қосалқы шаруашылық өнімін өткізудің мүмкін болмауына байланысты табысынан айырылғандар ТЖ енгізілуіне байланысты табысынан 

айырылған БЖТ төлеуші жеке тұлға санатына жатады. 

«Тиісінше, төтенше жағдай кезінде БЖТ-ны алғашқы рет төлеген тұлғалар өзін осындай талапқа сәйкес келетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде көрсеткен, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кірген және ТЖ кезеңі аяқталғаннан кейін кәсіпкерлік табыс алған кезде осындай мәртебені БЖТ төлеу жолымен растауын жалғастыруы тиіс», делінген хабарламада.