19 мау, 2020 сағат 06:40

Әлемдегі жағдай: Аустралия, Үндістан, Пәкістанда коронавирус өршуде

Аустралия, Үндістан, Пәкістан мен басқа да елдерде коронавирус инфекция өршуде. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" bbc.com сілтеме жасап хабарлайды.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,4 млн адамды құрады. 450 мыңнан астам науқас қайтыс болды

Қазіргі уақытта Латын Америксы инфекция таралу ошағына айналды. Бірқатар елде індеттің екінші толқынының белгілері байқалады.

Еуропа елдеріндегі жағдай

Google мен Apple анауқастармен байланысты бақылауға көмектеседі

Британдық үкімет бейсенбі күні Covid-19-ды жұқтырғандармен байланысты қадағалауға арналған өз қосымшасынан бас тартты және оның орнына ұялы телефондар нарығында үстемдік ететін америкалық Apple және Google компанияларымен бірге жұмыс істейтін болады.

Ұлыбритания – Еуропадағы коронавирустан ең көп зардап шеккен ел. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 300 мыңнан астам адам ауруға шалдыққа (әлемде бесінші орын) және 42,3 мың адам қайтыс болды (әлемде үшінші орын).

Еуропадағы жағдай

Германияда елдің солтүстік-батысындағы Гютерслохтағы қасапханада коронавирус ауруы басталғаннан кейін мыңдаған адам карантинге жабылды. Мыңнан астам адам Covid-19 тестілеуінен өтті. 650 адамнан коронавирус анықталды. Тестілеуден өту үшін бірнеше мың адам кезекте тұр.

Ресей

Ресей денсаулық сақтауды бақылау мәліметі бойынша елде коронавирустан жұмыс кезінде вирус жұқтырған 489 дәрігер қайтыс болған. Бұл мамыр айындағы статистикамен салыстырғанда өте көп, ол кезде Covid-19-дан 101 медицина қызметкері қайтыс болған. Ресей ауру жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында, Соңғы тәулікте анықталған 7790 оқиғаны қоса алғанда 561 мың адам инфекция жұқтырған.

Басқа елдердегі ахуал

Пәкістанда Пенджаб провинциясының бірқатар қаласында ішінара карантин енгізілді. Провинциядағы халық саны 100 млн адамнан асады. Соңғы аптада кейбір аудандарда, атап айтқанда, Лахор әкімшілік орталығында коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті. Пенджабтың өзінде барлығы шамамен 60 мың коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелген. Полиция локдаун енгізілген аумақтардың шекарасын күзетеді. Тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ашық. Қоғамдық көлік жұмыс істемейді, сондай-ақ жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынған. Пәкістан билігінің шешімі бойынша жаңа жағдайлардың саны 300-ге жететін жерлерде карантин енгізіледі.

Үндістанда ауырғандардың рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелді, 12 881 адам вирус жұқтырған. Делиде инфекция Денсаулық сақтау министрінен анықталды, бұған дейін ол тыныс алу қиындап, дене қызуы көтерілгеніне шағымданып, дәрігерге жүгінген болатын. Мумбайда мыңдаған адам ауырып қалды. Алайда, осыған қарамастан, Үндістан экономикалық себептер үшін карантинді әлсіретіп отыр. Әлемде сырқаттанғандар саны бойынша Үндістан төртінші орында. Елде 367 мыңға жуық адам ауырса, 12 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

Қытай Covid-19-дің 28 жаңа жағдайы туралы хабарлады. Оның 21-і Бейжіңде тіркелген. Өткен аптада ел астанасында ауру өршіп, қаланың ірі азық-түлік базары ауру ошағына айналды. Бұған дейін 57 күн бойы қалада аурудың бірде-бір жаңа жағдайы тіркелмеген еді. Қазір Бейжіңнің 30-ға жуық ауданы карантинге жабылды.

Австралияда да жаңа жағдайлар анықталды. Халық саны жөнінен екінші орында тұрған Аустарлияның Виктория штатында екі күнде 18 адам ауырған. Дәрігерлердің айтуынша, инфекция бірнеше күн бұрын Жаңа Зеландиядағыдай шетелдік туристерден емес, жергілікті халықтан анықталған.

Латын Америкасы - Covid-19 ошағы

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Перуде вирус жұқтырғандар саны 241 мыңға жетті. Перу – коронавирустан ең көп зардап шеккен Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі екінші ел.