19 қаң, 2022 сағат 10:08

Әлемдегі ең кәрі ер адам дүниеден өтті


Әлемдегі ең кәрі адам испаниялық Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия 113 жасында өмірден озды. Бұл туралы сейсенбі күні Гиннес рекордтар кітабының сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гиннес рекордтар кітабы Сатурнино де ла Фуэнте Гарсияның өз үйінде 112 жас 341 күнде қайтыс болғанына байланысты көңіл білдіреді», - делінген хабарламада. 

Ер адам 2021 жылдың қыркүйегінде 112 жас 211 күнде рекордсмен атанған. Сантурнино мен оның әйелі Антонинаның жеті қызы, 14 немересі, 22 шөбересі бар, делінген хабарламада.

Гиннес рекордтар кітабының ақпаратына сай, Сантурнино 1909 жылы Испанияның Леон қаласында дүниеге келген. Бойы кішкентай болғандықтан, Испаниядағы азаматтық соғыс жылдары әскерге шақыртылмаған. Ол өз ісін бастап, солдаттарға арнап аяқ киім тіккен.