15 қар, 2022 сағат 15:52

Әлемдегі адам саны ресми түрде 8 млрд-қа жетті - БҰҰ


2022 жылдың 15 қарашасында әлемдегі адам саны 8 миллиардқа жетіп, адамзат дамуының маңызды кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Егер әлемдегі адам санының 7 миллиардтан 8 миллиардқа жетуіне 12 жыл қажет болса, 9 млрд адам болуы үшін 15 жыл керек. Яғни, Жер шарындағы адам саны тағы 1 млрд-қа артуы 2037 жылы тіркелмек.

Бұл жалпы әлемдегі адам санының өсу қарқыны баяулағанын көрсетеді.