Джон Хопкинс университеті федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа да ашық ақпарат көздері ұсынған ақпаратты жинайды.
Олардың есептеулері бойынша планетада коронавирус инфекциясының салдарынан 1 000 555 адам қайтыс болды.
Әлемде 33 273 720 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырса, 23 056 480 адам сауығып шықты.
Науқастар саны бойынша АҚШ (7,1 млн) көш бастап тұрса, Үндістан (6,1 млн) екінші орында, ал Бразилия (4,7 млн) үшінші орында тұр.
Айта кетейік, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 58 науқас тіркелген. Өкінішке қарай, елімізде 21-27 қыркүйек аралығында КВИ-ден 26 адам қайтыс болды.