Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреес мәлім етті, деп хабарлайды KYODO NEWS.
«Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адам және одан 3110 адам қайтыс болды», - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры брифингте.
Соңғы 48 сағатта Қытайдан тысқары жерде тіркелген 1848 науқастың 80%-ы үш елге тиесілі: Иран, Италия және Оңтүстік Корея.
ДДСҰ басшысының мәліметінше, осы жылдың қаңтар айының соңында Қытайда коронавирустың өршу қарқыны азайған.
Дүйсенбі күні Гебреес мырза Иран, Италия, Жапония және Оңтүстік Кореядағы эпидемияны «ең үлкен мәселе» деп атады.