#
#
Жексенбі 27/09/2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты

  • 11.08.2020
  • 0
  • 117

Әлем бойынша жаңа типті коронавирусты жұқтырғандар саны сейсенбі күні 20 миллионнан асты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Халықаралық ұйымдар, федералды және жергілікті билік мәліметі негізінде есептеу жүргізетін Джон Хопкинс университеті осындай мәлімет таратты. 

Мекеменің мәліметі бойынша, қазір инфекцияға шалдыққандар саны - 20 001 019 адамға жетті. Оның 733 103-і қайтыс болса, 12 209 074 науқас жазылып шықты. Жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр (5 079 941). Содан кейінгі орындарға Бразилия (3 035 422) мен Үндістан (2 215 074) орналасқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар