Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған халықтың саны 100 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жайында індеттің статистикасын жүргізіп отырған Worldometers ақпарат көзі ресми мәлімет таратты.
Дәл қазір әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны - 100 млн 280 мың 265 адам. Осы күнге дейін 2 млн 149 мың 387 сырқат індеттен көз жұмған.
Ал 72 млн 289 мың 211 адам COVID-19 дертінен сауығып кеткен. Ресурстың хабарлауынша, қазір 25 839 818 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 110 мың пациенттің жағдайы өте ауыр.
Науқастар саны бойынша алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбритания тұр.