Әлемде 29 тамыздағы жағдай бойынша 217,76 миллион коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, соның ішінде 193,7 миллион адам жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Worldometer деректеріне сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, әлемде 216 766 751 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді, вирустан 508 171 адам қайтыс болып, 193 697 396 адам дерттен айыққан.
Пандемия кезінде ең көп жұқтыру жағдайы тіркелген елдер: АҚШ (39 617 417), Үндістан (32 695 030) және Бразилия (20 728 605).
