19 қыр, 2022 сағат 09:47

Әлем көшбасшылары II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Лондонға келді


Әлем көшбасшылары II Елизавета патшайымды жерлеу рәсіміне қатысу үшін Лондонға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz агенттігі Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Ұлыбритания астанасына АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо келген. Жерлеу рәсіміне орай Лондонға 500-ге жуық Мемлекет басшысы мен шетелдік мәртебелі мейман келеді деп күтіліп отыр.

Рәсімге Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.

II Елизаветамен қоштасу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте кешке аяқталады.