17 қыр, 2020 сағат 17:49

Әлем экономикасын қалпына келтіру үшін бес жыл керек – Дүниежүзілік банк

Коронавирус індеті салдарынан болған дағдарыстан кейін әлем экономикасын қалпына келтіруге бес жылға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кармен Рейнхарт мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

«Карантинге байланысты қойылған шектеулер алынғаннан кейін жедел қалпына келу процесі басталады, бірақ толық қалпына келтіру үшін бес жылға жуық уақыт қажет болады», - деді Кармен Рейнхарт. 

Сондай-ақ маманның айтуынша, пандемиядан туындаған дағдарыс кей елдерде ұзаққа созылып, теңсіздік мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Себебі дағдарыстан бай елдерге қарағанда кедей елдер көбірек зардап шегеді. 

Кармен Рейнхарт 20 жылда алғаш рет дағдарыстан кейін әлемдегі кедейлік деңгейінің артатынын атап өтті.