15 қыр, 2021 сағат 14:20

Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Дәстүрлі түрде жыл сайын тұмауға қарсы екпе аламын. Өткен жылы екпеден кейін тұмаумен ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе егу шарасы басталды. Барлығыңызға денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталды. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі. Сондай-ақ, Санофи-Пастер (Франция) өндірген «Ваксигрип Тетра», Инфлювак (Нидерланд) мен Синовак Биотек (Қытай) компаниялары өндірген вакциналарды да алуға болады.

Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады. 

Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.