«Алға» оңшыл центристік партиясының жетекшісі Алехандро Джамматтеи Гватемаладағы президенттік сайлауда 59% дауыс жинады, деп хабарлайды Reuters.
Оның қарсыласы, «Ұлттық үміт одағы» социал-демократиялық партиясының атынан шыққан Сандра Торрес 40% жоғары дауыс жинады.
Айта кетсек,11 тамыз күні Гватемада президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті. Алехандро Джамматтеи сайлауға төртінші рет қатысты. Ұйымдасқан қылмыспен, заңсыз көші-қонды азайту және сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін өлім жазасын қайтару туралы мәлімдемелер оның негізгі саяси ұрандарына айналды.