16 шіл, 2025 сағат 13:40

Алаяқтық тыйылмай тұр – заңгер


Фото: Polisia.kz

Соңғы жылдары Қазақстанда алаяқтық қылмыстарының саны айтарлықтай артты. Әсіресе интернет пен цифрлық технологиялардың кеңінен қолданысқа енуі бұл қылмыстың жаңа әрі күрделі формаларын туындатуда. Қарапайым азаматтардың мүлкін иемденуді көздейтін бұл әрекеттер қазіргі қоғам үшін аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков Sadaqmedia-ға берген  сұхбатында айтты.

Заңгердің сөзінше, алаяқтық бабы бойынша полиция тіркемеуге тырысады.


«Президент алқа жиында алаяқтық кең тараған деп атап өтті. Мемлекет басшысы 20 мың дейді, негізі ол 40 мың. Көбісі тіркелмей қалады. Арада желіде «қайтарамын, беремін» деген мәмілелер болса, азаматтық сотқа жүгініңіз дейді. Азаматтық сотқа сен не істейсің, 1 пайыз мемлекеттік почтадан төлейсің, содан кейін ақшаңды өндіруге екіталай. Азаматтық сот өзін арестке қоймайды, шотын арестке қояды, үйін арестке қояды. Ол алаяқтарда үй болмайтыны анық, мүлік, ештеңе болмайды. Соңында жәбірленуші сандалып қалып қояды. Сондай бір әділетсіздіктер бар.
Қазір басқаның атынан счет ашып қояды да, өзі тайраңдап жүре береді. Түбі, құқықтық сана, халықтың арасында алаяқтыққа жақындық көп болып кеткен. Мойындау керек, қазі, қазақ қазақты аямайды, бір-бірін алдап, бір-бірінің атынан күн көріп жүре береді. Ең бастысы, әлеуметтік желіге де шығарып, әшкерелейміз. Сот та жазасын береді. Бірақ тыйылмайды», – дейді заңгер.


Нұрсұлтан Орынбековтің сөзінше,  алданатын адам азайса, алдайтындар азаяды. Ал, өкінішке қарай,  алданатындар азаймай тұр.