30 сәу, 2019 сағат 09:25

"Алаш зиялыларының ізі қалған..."

Құсмілия ағамен серуендеп жүрміз. Бұрынғы "Алашорда" көшесіне жеттік. Ту сыртымызда тұрған ескі ғимарат кезіндегі АЛАШ контораларының бірі болған. Тағы бір-екеуін көрсетті. "Кейінгі ұрпаққа жеткізе жүріңдер" деген Қайым атамыздың өсиеті дейді. Алаш зиялыларының табаны тиген, ел үшін талай маңызды саяси шешімдер шығарылып, ұлт үшін басын бәйгеге тіккен қайраткерлердің ізі қалған бұл тариxи орындарға мемлекетіміздің тарапынан назар аударылса. Негізгі арxитектурасы бұзылмай тұрып реконструкция жасалса, керемет қой, шіркін!!!

Мерей Қарттың Фэйсбуктағы жазбасынан