21 там, 2020 сағат 16:05

Әл-Фараби атындағы мемсыйлық: Іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі БАҚ-та жарияланады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты: 

медицина ғылымдары бойынша;

қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша;

жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.