31 там, 2021 сағат 10:47

Актриса Венера Нығматулина COVID-19 жұқтырғаннан кейін жағдайын айтты


Танымал қазақстандық актриса Венера Нығматулина коронавирус жұқтырып, оны ауыр өткергені туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Перекресток" сериалының жұлдызы Instagram-парақшасында оттегі аппаратында жатқан суретін жариялады.

"Ең жаманы артта қалды деп үміттенемін. Қиын күндердің өзі жақындарыңыздың қолдауын сезінгенде жеңілдейді! Олардың қолдауынсыз қалай аман қалар едім білмеймін! Жақын жандарға рахмет... Қиын сәттерде қолдағандары үшін рахмет! Директор Ұлықбек Медеубековке және мені аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған барлық медицина қызметкеріне алғыс! ... Өмір қандай тамаша!" - деп жазды 59 жастағы актриса.

© instagram/venera_nigmatulina_official

Желі қолданушылары актрисаның тез сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатыр.