#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

  • 10.08.2020
  • 0
  • 162

Бүгін - Абай күні. Елімізде тұңғыш рет аталып өткелі отырған мерекемен қазақстандықтарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтоты Райымқұлованың құттықтауы бүгін министрліктің Facebook парақшасында жарияланды. 

«Құрметті отандастар!

Қадірменді әріптестер!

Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күні.

Халқымыз осы қуанышты күнді үлкен құрметпен қарсы алғалы тұр. Осылайша Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз.

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық іспетті»,- деп алдағы бағыт-бағдарымызды көрсетіп берген болатын. Ендеше, біз осы сөзді санаға сіңіріп, қашанда үлгі етіп отыруымыз керек.

Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты концептуалды мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», - деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі. Сайып келгенде, бұл тек биыл ұлы ақынның 175 жылдығында атқарылатын шаруа емес. Осы жылдан бастау алып, Мəдениет жəне спорт министрлігінің негізгі идеологиялық бағытына айналады. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.

Үкімет қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – үлкен қуаныш! Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – сіз бен біздің ортақ жетістігіміз», - деді министр. 

Сондай-ақ ол құттықтауда бұл күні еліміздің орталықтарында, əр аймағында бүгінгі күннің талабына сай, негізінен online форматтам әдени іс-шаралар өтетінін айтты. 

«Бұл күні өңірлерде той тойлайтын емес, ой толғайтын бірқатар мазмұнды іс-шара жоспарланған. Бұл ретте Семейдегі Қазақстан Республикасы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында «Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция, «Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын өзегі» атты онлайн кездесу, «Абай мұрасы» атты онлайн-музейлік дəріс, «Абай – халықтың даналығы» виртуалды көрмесі, «Абай əлемі» онлайн-концерті, ұлы ақын мерейтойына орай бейне-дəріс өтеді. Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, аталған басқосулардың сәтті өтуіне тілектестік білдіргім келеді.

Қазіргі əлемдік коронавирус індетіне байланысты барлық іс-шара онлайн форматта өтеді.

Сондай-ақ осыған дейін біршама іс-шара ұйымдастырылғандай алдағы уақытта да көптеген әдеби-мәдени іс-шаралар жалғасын таба береді.

Құрметті отандастар, ардақты ағайын, баршаңызды мəн-маңызы жоғары, рухани мерекемен шын жүректен құттықтаймын!», - деп жазылған құттықтау хатында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар