26 сәу, 2021 сағат 16:36

Ақтөбедегі сауда орталығында вакцина егу пункті ашылды


Ақтөбедегі «Керуен city» сауда, ойын-сауық орталығында вакцина егу пункті ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін мобильді жылжымалы топ сауда үйінде өз жұмысын бастады. Бұл — өңірдегі сауда үйінде ашылған алғашқы вакциналау пункті.

«Вакциналау пункті сағат 10:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Мұнда №3 қалалық емхана қызметкерлері жұмылдырылған. Пунктке барлық медициналық жабдық жеткізілді. Вакцина қабылдамас бұрын адамдар арнайы тексеруден өтеді. Терапевттің бақылауынан соң екпе беріледі. Талап бәріне ортақ. Жасы 18-ден асқан кез келген тұрғын иммундауға қатысады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, ақтөбелік мұнайшылар Сауд Арабиясында өндірілген қытайлық «Синофарм» вакцинасын қабылдайды. 30 сәуір күні өңірде екі компонентті 22 мың доза жеткізіледі.