28 сәу, 2021 сағат 12:14

Ақтөбеде ата-анасымен ұрысып көпірден секірмек болған бойжеткен құтқарылды


Ақтөбеде ата-анасымен ұрысып қалған қыз көпірден секірмек болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Талғат Мыңжасаровтың телефон нөміріне қоңырау шалып, 41-разъезд ауданында орналасқан көпірде бойжеткен тұрғанын хабарлаған. Оқиға орнына инспектор дереу жетті. 

«Учаскелік полиция инспекторы көпірдің шетінде тұрған жас қызды тапты. Талғат Мыңжасаров қызбен сөйлесіп, мәселенің мән-жайын ұғынды. Анықталғандай 18 жастағы қыз ата-анасымен сөзге келіп, кейін өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Көпірден түсірген соң бойжеткен ата-анасына тапсырылды. Учаскелік инспектордың жылдам әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында адам өмірі құтқарылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.