Ақтөбе қаласында 4 жасар бала 4-қабаттан құлап кетті. Бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе қаласындағы Мұнайшылар көшесінде орналасқан көпқабатты үйде жазатайым оқиға болды. 4 жасар бала 4-қабаттан құлап, ауруханаға түсті.
«Баланың анасы бес айлық қызына қарап отырған кезде қонақ бөлмеде жүрген ұлы терезеге мініп, құлап кетті. Қазіргі уақытта түрлі дене жарақатын алған бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 3 бала терезеден құлады. Балалар көбіне қараусыз қалғанда осындай жағдай болады»,- дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Қазіргі кезде көбінде терезе ашық тұрады. Жазда жазатайым оқиғаны болдырмау үшін арнайы темір тор немесе пластикалық терезеге арналған ілмек орнату ұсынылды.
