22 қаз, 2019 сағат 13:38

Ақтөбе полициясы зорлық жасап, адам өлтірген күдіктілерді іздеп жатыр

Ақтөбе облыстық полиция департаменті іздеуде жүрген күдіктілердің фотосын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

32 жастағы Талғат Жолдасбаев және 38 жастағы Асқар Нұрмағанбетов Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша күдікке ілігіп, іздеу жарияланды. Криминалдық полиция басқармасы олардың аты-жөні мен фотосын анық көрсетіп, кез келген ақпарат туралы хабар беруін сұрады.

«Күдіктілердің қай жерде екенін білетін адамдар 102, 936-225, 936-100 байланыс телефонына хабарласуына болады. Сонымен қатар 8 776-546-66-66, 8 701-380-80-30, 8 775-735-79-78, 8 776-765-2444 нөмірлері жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.