Lada.kz
Ақтауда итбалық балаларға шабуыл жасаған. Оқиға 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің бірінің анасының айтуынша, оның 12 жастағы қызы құрбысымен бірге 14-шағынауданда, жағалауға жақын маңда шомылған. Кенет оларға итбалық шабуыл жасаған, ол қыздардың бірінің қолын тістеген, екіншісінің иығы мен арқасын тістеген.
"Біз оның онда жүзіп жүргенін де білмедік. Ол жүзіп келіп, бізге шабуыл жасады", - дейді қыздар.
Қыздың анасының айтуынша, олар шошып кеткен. Жағалауда болған ересектер бұл жағдайға мән бермеген. Қызы дереу қоңырау шалып, болған жағдайды анасына айтқан. Әйел бірден келіп, екеуін де Облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне апарған. 16 қыркүйекке дейін зардап шеккендерге екпе салынады.
Сондай-ақ, қыздың анасы Төтенше жағдай департаментіне 14-шағынаудан жағалауына құтқарушылар қою керегін айтып жүгінген.