Фото: Polisia.kz
18 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қасымхан Даулетов пен Ильяс Өмірзақов 14-шағынауданына қарсы жол қиылысында Nexia автокөлігінің өртеніп жатқанын байқап, дереу әрекет етті, деп хабарлайды Ult.kz.
Олар қосымша экипаж шақырып, жол қозғалысын уақытша жауып, жедел басқару орталығына хабарлады.
Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері Ерлан Өмірзақұлы, А.Байтілеуов және Ерлан Бегениешев барып, өртті сөндіруге көмектесті.
Оқиға барысында көмек көрсетуге тоқтаған жүргізушінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалды. Ильяс Өмірзақов пен Қасымхан Даулетов азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін аман алып қалды.
