Ақтау тұрғыны кассада ұмытып кеткен банк картасын ерлі-зайыптылар иемденіп алып, бірнеше рет пайдаланған деп ойлайды. Ол өзінің банк картасы арқылы төлем жасалған әр жердегі бақылау камераларына түсірілген видеоларды көргеннен кейін осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бауыржан есімді банк картасы иесінің айтуынша, 17 қараша күні "Шығыс-2" ықшамауданындағы супермаркетке сауда жасауға келген. Азық-түлік ақысын төлегеннен кейін кассада картасын ұмытып кеткен. Екі сағаттан кейін мобильді қосымшаға кіріп, есепшотында небәрі 400 теңге қалғанын білген. Бұрын 10 мың теңгеден аса ақша болған. Ол бірден картасын бұғаттап тастаған. Ер адам кейінгі операцияларды қарап, оның картасын Атамекен кентіндегі бірнеше супермаркетте және әлеуметтік дәріханада қолданғанын байқаған. Осы супермаркеттердің біріндегі камераға түсірілген кадрлардан қызыл сырт киім киген әйел өзінің картасымен ақша төлеп жатқанын көреді. Оның қасында баласы бар ер адам болған. Әлеуметтік дәріхананы іздеу нәтижесі сәтсіз болды, бірақ супермаркеттегі камералардан қызыл сырт киім киген әйелдің кассада картаны қалай бергенін көрген. Сатушы бұл адамдарды танитынын айтқан.
