7 маусымнан бастап Ақтау халықаралық әуежайы жобаға ресми түрде қосылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгінде осы жоба аясында Маңғыстау облысында 286 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 258 нысан ресми түрде жобаға енді, ал 28 нысан тест режимінде қызмет атқарып жатыр.
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті.
Оның айтуынша, 28 мамыр күні жобаға тағы 10 кәсіпкерлік нысан қосылады.
Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан да қатысты.
Оның мәліметінше, Маңғыстау облысында Ashyq жобасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5548, 3502 және 6656 әскери бөлімдері тіркелді.
«Бұдан бөлек Ashyq жобасы бойынша келесі мекемелер жұмыс істейді: «Каскор-Машзавод» АҚ, Абай атындағы мәдени-сауық кешені, Маңғыстау индустриялық паркі, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, «Отпан» МКҚК, Маңғыстау облысының қуыршақ театры, Ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызметі орталығы, «Каспий» кәсіби футбол клубы, Маңғыстау өнер колледжі және Маңғыстау туризм колледжі. 22 мамырдағы №22 қаулыға сәйкес, Ashyq жобасы бойынша лото клубтардың қызметіне де рұқсат етілді», - деді Аққу Айтжан.
