Фото: ашық дереккөз
Ақсу қаласы прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып, нәтижесінде жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады.
