03 мау, 2019 сағат 12:20

АҚШ-тың құпия қызметі Ақ үйге кірмек болған ер адамды қамауға алды

АҚШ-тың құпия қызметі Ақ үйге кірмек болған ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Құпия жасақ Ақ үйдің теріскей жағындағы жабық аумаққа кірмек болған ер адамға оқ атуына тура келген. Олар алдымен бірнеше рет ауызша ескерту жасаған, алайда олардың ескертуін құлаққа ілмеген соң оқ атқан.

Оқыс оқиға АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйден шығып кеткен соң болған. Президент Трамп сапармен Ұлыбританияға кеткен.