18 сәу, 2020 сағат 18:19

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі: Қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас тіліне айналды

Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін қазақ тілі адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынас тіліне айналғанын көріп отырмын. Мен алматылық такси жүргізушілерінің арқасында орыс тілін үйрендім деп әзілдеймін, бірақ елшіліктегі ұстазымның көмегімен қазақ тілін үйренуге бар күшімді саламын», - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында.