09 там, 2017 сағат 09:29

АҚШ-тың әскери базасына соққы жасау үшін мұқият дайындалып жатырмыз - КХДР

Корея халық армиясының стратегиялық құрылымдары қарастырып жатқан Гуам аралы аумағына  "Хвасон-12" орта және жоғары қашықтықтағы зымыранымен соққы жасау туралы жоспар Жоғарғы бас қолбасшы Ким Чен Ын шешім қабылдаған соң кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл туралы Корея халық армиясының стратегиялық құрылымдарының спикерінің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі уақытта стратегиялық құрылымдар Гуам аралы аумағына "Хвасон-12" орта және жоғары қашықтықтағы зымыранмен соққы жасау үшін жедел жоспарды мұқият дайындап жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жарияланған мақалада Ким Чен Ынның жақында бұл жоспармен танысатыны, ал кейінірек жоспардың жүзеге асырылатыны айтылады ...Жоғарғы бас қолбасшы Ким Чен Ын шешім қабылдаған соң жоспар жүзеге асырылады".

Басылымның мәліметінше, КХДР әскерлері АҚШ-тың қателесіп отырғанын айтады. АҚШ өкілдерінің айтуынша, олар өздерінің аумағын зақымданбайды деп санайды. Сондықтан олар "дұрыс шешім қабылдауға" (әскери арандатушылықтан бас тартуға) шақырады".