АҚШ-тың 2500 әскері Ирак территориясынан шығарылды. Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мустафа аль-Казыми мәлімдеді, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
«Бұған дейін АҚШ тарапымен әскерлерін елден шығару бойынша келісім жасасқан болатынбыз. Соның негізінде 2500 америкалық әскери қызметші Ирактан шығарылды», - деді Мустафа аль-Казыми.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп ағымдағы жылдың 20-тамызында Ақ үйде Ирак премьер-министрі Мустафа аль-Казымимен кездесу өткізіп, әскерді ел территориясынан шығару процесі жақын арада аяқталатынын айтқан еді.