Сан-Франциско қаласының соты АҚШ президенті Дональд Трамптың шетелдік білікті мамандарға жұмысшы визасын беруге тыйым салатын жарлығын жартылай бұғаттады.
Маусым айында, коронавирус індеті ушыққан тұста Трамп елде жұмыссыздықтың ушыққанын, мұндай жағдайда шетелдік жұмысшылардың еңбек нарығына қауіп төндіретінін айтып, оларға виза беруді жылдың соңына дейін тыятын жарлық шығарды.
Өнеркәсіпшілердің ұлттық ассоциациясы, АҚШ сауда палатасы, Бөлшек сауда ұлттық федерациясы және TechNet ұйымы Трамптың жарлығына шағымданып, арыз жазды. Сот талапкердің шағымымен келісіп, Трамп құзыретін асыра пайдаланды деді. Судьяның сөзінше, президенттің конгрес қабылдаған иммиграциялық заңдардың күшін жоюға құқығы жоқ.