АҚШ-та өмір сүрген 105 жастағы әжей Әсия Сардарбек дүниеден озды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" журналист Дархан Өмірбек Facebook желісіндегі жазбасына сілтеме жасап.
Қаралы хабарды түнде оның келіні Фузия жеткізген.
"Кеше (27 қараша) сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды" деп жазды ол.
Әсия Сардарбек 1916 жылы Мойынқұмда (Жамбыл облысы) дүниеге келіп, Кеңес өкіметінің қуғын-сүргінінен екі рет аман қалған. Ол алғаш рет 1920 жылдардағы ұжымдастыру кезінде отбасымен бірге Ауғанстанның Меймене қаласына тұрақтаған, одан кейін Кеңес Одағы Ауғанстанға әскер кіргізген тұста екінші рет қашуға мәжбүр болған.
Өмірінің соңғы кезеңінде 105 жастағы Әсия Сардарбек АҚШ-тың Вирджиния штатындағы қарттар үйінде тұрған.
Бірнеше жыл бұрын "Алматы" телеарнасы Әсия Сардарбек туралы бейнематериал ұсынған болатын.
