Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Трампты айыптайтын баптар жазылған құжатты көрсетіп тұр.
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 25 қаңтарда сенатқа бұрынғы президент Дональд Трампке тағылатын импичмент баптарын тапсырды. Трамп жақтастарын 6 қаңтарда Капитолий ғимаратына басып кіруге итермеледі деп айыпталып отыр.
"Америка дауысы" сайтының жазуынша, импичмент ісінде айыптау тарабының міндетін атқаратын конгрессмен-демократтар хатты Капитолий ротондасы арқылы сенат залына жеткізген. Осыдан 20 күн бұрын дәл осы жолмен Трамп жақтастары жүріп өткен болатын.
Сенат 8 ақпанда сот процесін бастайды деп айтылады.
Сот алқасы мүшелерінің рөлін 100 сенатор атқарады. Демократтар республикашылдарды Трампқа импичмент жариялауға көндіруге күш салмақ. Бұдан соң бұрынғы президентті қызметінен шеттету мәселесі дауысқа салынады.
13 қаңтарда демократтар басым көпшілік болып отырған өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялауға дауыс берген.
Трампқа импичмент жариялау үшін кемінде 17 республикашыл сенатор демократтарды қолдауы керек. Сарапшылар бұлай бола қоюы екіталай дейді.
Айта кетейік, Трамп дәлел келтірмей сайлауда жеңгенін және дауыс бұрмаланғанын мәлімдегеннен кейін жақтастары Капитолий ғимаратына басып кірген.