АҚШ Президенті Дональд Трампқа жарияланған импичмент процесі аяқталды. АҚШ Сенаты президентті екі бап бойынша да ақтап алды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Оның ақталуына сенаторлар арасында Республикалық партия мүшелерінің көп болғаны әсер етті. Айта кету керек, Трамп АҚШ тарихында импичмент жарияланған үшінші президент болды.
Ал импичмент оған екі бап бойынша жарияланған еді. Оның бірінде Трамп қызметін асыра пайдаланды делінсе, екінші бап бойынша ол Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айыпталған. Ал сенаторлардың үштен екісінің дауысы жиналса, Трамп сотталып, президенттік лауазымнан босатылатын еді.
Қазір Трамп сайлауалды кезеңге дайындықты бастап кетті.