АҚШ сенаты сейсенбі күні мемлекеттік департамент жетекшісі қызметіне Энтони Блинкенді тағайындау туралы ұсынысты қолдады. Блинкен Ресейге қатаң шаралар қолдануды жақтайды.
АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Ресейден Кремль сыншысы Алексей Навальный мен оның ұсталған жақтастарын тез арада босатуды талап етеді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псакидің сөзіне қарағанда, мемлекет басшысы Ресей билігінің әрекетіне реакция ретінде кез келген шара қолдануы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Блинкен жаңа әкімшілік Ресеймен қатынас мәселесіне ден қояды деп мәлімдеген. Алексей Навальныйдың ұсталуы жөнінде ол "Владимир Путиннің бір адамнан соншалықты қорқатыны таңғалдырады" деп айтқан.