30 қаң, 2018 сағат 14:18

АҚШ: Кремльге қарсы жаңа санкциялар енгізудің әзірге қажеті жоқ

Ақ үй жақын уақытта Ресей азаматтары мен фирмаларына қарсы жаңа санкциялар қолданбайды, өйткені санкциялар салу қаупінің өзі Кремльді "тежеу құралы" болып тұр.

Бұл туралы дүйсенбі күні кешке АҚШ мемлекеттік департаментінің қызметкері журналистерге мәлімдеді. Келесі санкциялар ресейлік фирмалармен жұмыс істейтін шетел мемлекеттері мен компанияларды қамтуы мүмкін.

Департаменттің баспасөз хатшысы Хезер Нойерттің айтуынша, қазіргі санкциялар нәтижесінде Ресей әскери-өнеркәсіп кешені экспортынан түсетін пайдадан миллиардтаған доллар жоғалтты. Ресей қаруын бірнеше мемлекет сатып алудан бас тартты.

Дональд Трамп әкімшілігінің бұл шешімін заң шығарушылар арнайы құпия брифингте естіген. Кейбір заң шығарушылар әкімшіліктің бұл шешіміне наразы болған.