Фото: ашық дереккөз
АҚШ 75 елдің азаматтарына, соның ішінде Қазақстан азаматтарына да, иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл шешім АҚШ-қа тұрақты тұруға көшуді жоспарлап жүргендерге қатысты.
Ал туристік, студенттік және қысқа мерзімді визаларға өтініш беретіндер үшін еш өзгеріс жоқ.
АҚШ билігі осылайша әлеуметтік немесе мемлекеттік жәрдемақыларға үміткер болуы мүмкін шетел азаматтарының елге кіруін шектеуді көздеп отыр. Шектеулер енгізілген елдер тізіміне Қазақстаннан бөлек Ресей, Ауғанстан, Сомали, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Нигерия, Таиланд, Йемен және өзге де мемлекеттер кірген.
Шектеу 21 қаңтардан бастап күшіне енеді
