АҚШ бүкіл әлем елдерін КХДР-мен кез келген байланыс түрін үзуге шақырды. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз АҚШ бүкіл әлем елдерін КХДР-мен кез келген байланыс түрін үзуге шақырамыз, соған қоса БҰҰ барлық санкция түрін енгізуі керек", - деді Хейли Солтүстік Корея мәселесі бойынша өткен қауіпсіздік кеңесінде.
Ол Солтүстік Кореямен сауда-саттықты, импорт пен экспортты тоқтатып, барлық солтүстіккореялық жұмысшыны өз еліне қайтару керектігін айтты.
Сонымен қатар, Хейли КХДР-сын БҰҰ отырысытарында дауыс беру құқығынан айыруға шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиньмен кездесу барысында ҚХР-ның Солтүстік Кореяға мұнай шикізатын тасымалдауды доғаруға шақырған, олай болмаған жағдайда АҚШ осы мәселені өз қолына алатынын айтқан.
"Қытай барлығын өзі істей алады немесе мұнай мәселесін біз қолға аламыз", - деді ол.
Сәрсенбіге қараған түні жапониялық және оңтүстіккореялық КХДР тарапынан жіберілген зымыранды байқаған, ол Жапонияның жағалауынан 210 шақырым жерде құлаған. Зымыран 4,5 шақырым биіктікке көтеріліп, 960 шақырымға ұшқан. Алдын ала болжам бойынша, Пхеньян құрлықаралық зымыранды ұшырған.