АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әлеуметтік желілерге қатысты мәселелер талқыланатын кездесуге Facebook пен Twitter-ді шақырмады, деп xабарлайды CNN.
Әлеуметтік желідегі жаңа мінез-құлық ережелерін әзірлеу мәселесіне арналған отырыс 11 шілде күні Ақ үйде өтпек.
Телеарнаның xабарына сүйенсек, биліктің осындай шешімге келуі о бастан белгілі болған.
Facebook және Twitter компанияларының пайымдауынша, әлеуметтік желілердің зиянды ақпараттарды өшіру шараларына арналған пікірталас ымырамен тарқауы мүшкіл.
Өйткені кездесуге негізінен консервативтік саяси пікір жақтастары қатысады. Ал олар Facebook пен Twitter-дің нәсілшілдікті өршітетін жазбаларды бұғаттау саясатына бұрыннан қарсылық танытып келеді.
Айта кетейік, Facebook 2018 жылдың алғашқы тоқсанында ығыр ететін жарнамасы бар 837 млн xабарламаны, күш қолдануды насиxаттайтын 3,4 млн жазбаны, ашық видеолар мен суреттері бар 21 млн постты, террористік топтардың үгіттері бар 1,9 млн жазбаны, ұлтаралық және нәсілшілдік араздарды өршітетін 2,5 млн жазбаны өшірген.