16 қаз, 2020 сағат 04:57

АҚШ ақпараттық технология саласында Ресей мен Қытайға қарсы тұратынын мәлімдеді

АҚШ ақпараттық және ғарыш технологиясы, жасанды интеллект және әскери өнеркәсіп саласында Ресей мен Қытайға қарсы тұрмақ. АҚШ президентінің жаңа технология бойынша ұлттық стратегиясы жарияланғаннан кейін Ақ үй осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық агенттігі хабарлады.

Құжатта Мәскеу мен Пекиннің технология ұрлаумен айналысатыны, өзге компанияларды интеллектуал меншікті беруге мәжбүрлеп, нарық ережелерін бұзатыны жазылған.

Ақ үй "Вашингтон ұлттық қауіпсіздік бойынша инновациялық базасын жаңартып, америкалық өнімдерге технологиялық тұрғыда артықшылық береді" деп атап өткен.

АҚШ Ресейді ақпараттық технология саласында бүлік ұйымдастырды, атап айтқанда Украина, Грузия, АҚШ-қа кибершабуыл жасап, "тролльдер фабрикасының" көмегімен интернетте жалған ақпарат таратты деп бірнеше рет айыптаған. Кибершабуылдарға Ресейдің арнайы қызметі мен бизнесмен Евгений Пригожинмен байланысты орган қызметкерлерінің қатысы бары айтылды.

Мәскеу барлық айыптауларды жоққа шығарады. Қыркүйек айының соңында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-қа "бір-бірінің ішке ісіне араласпауға кепілдік беру" туралы ұсыныс жасаған. Путиннің пікірінше, Мәскеу мен Вашингтон халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласында ортақ бағдарлама жасап шығаруы тиіс. Америка тарабының бұл ұсынысқа жауабы жарияланбады.