01 мау, 2023 сағат 15:34

«Ақорда» резиденциясында 70-ке жуық оқушыға экскурсия ұйымдастырылды - видео

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. 

Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді. 

Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты. 

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo

photo
photo