25 мам, 2021 сағат 16:12

Ақорда көк түтіннің астында қалды (Видео)



Ел астанасында теректен түскен ұлпалар өртеніп, Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорда маңы көк түтіннің астында қалды. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде видеолар жариялай бастады. 


Бүгін, 25 мамырда сағат 14-06-да Нұр-Сұлтан қаласының Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталған. ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері өрт шыққан жерге шақырту бойынша барды.


"Өрт сөндірушілер сағат 14:13-те келген бойда алдын ала 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамнан 10 адам, 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді", - делінген Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.



Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметіндегілер қала тұрғынадрына ескерту жасады.

"Терек мамығын тұтатпаңыз және балалардың да оны жағуына жол бермеңіз. Көшеде терек мамығымен ойнап жүрген балаларға да ескертіңіз! Ойынның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін түсіндіріңіз! Осылайша сіз қайғылы жағдайдың алдын ала аласыз", - делінген хабарламада.