24 нау, 2023 сағат 18:47

Ақмолада ер адам ет жеп отырып қаза болды

Фото: belokurikha.ru

Ақмола облысының Сандықтау ауданында ер адам тамақ ішіп отырып қаза болды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

55 жастағы ер адамның кенеттен қаза болуына байланысты Сандықтау аудандық полиция бөлімі тексерісті бастаған.

Оқиға 22 наурызда болған. Полицияға Елорда тұрғынының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы учаскелік полиция инспекторы хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеп отырып тұншығып қалған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша ер адамның өлімі механикалық асфиксиядан, яғни тыныс жолдарында тамақтың тұрып қалуы салдарынан болған. Ер адам ауылда қонақта жүрген, - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Астаналық азаматтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық сараптамасы барысында анықталады.