Фото: polisia.kz
Ақмола тұрғыны кибералаяқтарға 30 млн теңге аударған, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға, ірі мұнай корпорацияларына және т.б. инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер беретін күмәнді жобаларға ақша салмауды ұсынады.
Полицейлердің айтуынша, кибершабуылдар гипноз және НЛП әдістері арқылы жасалады, содан кейін алаяқтар адамдардың не болып жатқанын тиісті түрде бағалай алмайтындығын пайдаланады.
Мәселен, 19 желтоқсанда Ақмола облысының тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Әйел YouTube қосымшасында бірнеше рет “Халық банкі” және “ҚазМұнайГаз” платформаларында ақшалай қаражатты тиімді инвестициялау туралы хабарландыруларға тап болғанын айтады.
Қызығушылық танытқан әйел өзінің нөмірін қалдырған, кейінірек оған белгісіз адам қоңырау шалған. Қосымша табыс сылтауымен ер адам инвестициялық алаңда табыс табу үшін банктік шотына ақша аударуды сұрайды.
Содан соң әртүрлі “менеджерлер” жәбірленушімен салымшы ретінде жұмыс істей бастаған. Олардың басшылығымен әйел бір айда сауда алаңының шотына шамамен 30 млн теңге аударған, осы мақсаттар үшін жәбірленуші достары мен туыстарынан миллиондаған соманы қарызға, сондай-ақ түрлі банктерден несие алған. Кейінірек ақшаны алуға тырысып, өтініш беруші әртүрлі кедергілерге тап болады және алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді.
Шортанды полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.