05 жел, 2019 сағат 16:59

Ақмола облысында жас тарихшылар мен өлкетанушылар форумы өтті

27 – 29 қараша күндері «Звездный» БСО базасында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы Тұңғыш Президент күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарих мұрасы» кіші жобасын іске асыру шеңберінде жас тарихшылардың облыстық форумын өткізді.

Форумның мақсаты - оқушылардың өлкетанушылық істерін қолдай отыра, туған өлкесінің тарихи, мәдени мұрасын сақтауға қызығушылықтарын арттыру, белсенді азаматтық позицияларын қалыптастыруға жағдай жасау.   

Форумға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Қорғалжын, Жақсы, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалалары, Cтепногорск қаласы дарынды балаларға арналған № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп–интернаты, Көкшетау қаласы №3 мамандырылған облыстық мектеп-интернаты, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Зеренді ауданының жоғары агротехникалық колледжі, Степногорск қаласының  тау-кен колледжі, Бурабай ауданы Щучье қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының мектеп-интернат колледжінен, барлығы 220 қатысушы жиналды.

Қазылар алқасы мүшелері ретінде Туктубаева Елена Николаевна, Есіл ауданы Безулук орта мектебінің тарих және география мұғалімі, Алиев Мухомет Мухометрахимович Көкшетау қ.  №16 орта мектебінің география мұғалімі, Нұрсейітов Талғат Олжабайұлы, Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін  орта мектебінің тарих мұғалімі, Нұрғалиева Күнсұлу Меңдібайқызы, Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері шақырылды.

Форумның бағдарламасы өте мазмұнды әрі танымды болды. «Ұлы халықтың-Ұлы көшбасшысы», «Жетістіктер көрмесі», «2020 жылға менің өлкемнің атаулы даталар күнтізбегі» сияқты номинациялардан және пленарлық отырыс, Бурабай ауданының киелі жерлеріне саяхаттан тұрды.

Форумның бірінші күні «Ұлы халықтың-Ұлы көшбасшысы» сияқты шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Оқушылар Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арнаған өздері шығарған өлең жолдары мен әндерін орындап, бейне слайдтарын көрсетті. Жақсы ауданы Белағаш орта мектебінің педагогтары мен оқушыларының шығармашылық ұжымы Ұлт көшбасшысының жолы олардың тағдырымен тоғыстырғандай өз жұмысын қызықты ұсынды. Көкшетау қаласының қатысушысы Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында (1998 жылдан бастап) жастармен байланысты мәселелерді атап өтті.

І орын -  Көкшетау қаласы №3 мамандырылған облыстық мектеп-интернаты;

Жақсы ауданы Белағаш орта мектебі.

ІІ орын - облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және

экология орталығы;

Есіл ауданы Безулук орта мектебі;

ІІІ орын - Ерейментау облысы.

«Жетістіктер көрмесі» номинациясында, делегациялар «өлкетану» бағытының іске асырылуы туралы есеп берді, мектеп мұражайлары мен үйірмелерінің жұмысы, өз жоспарлары мен жетістіктері туралы әңгімеледі.

І орын - Ковалева Наталья мен Тәмті Айдана, Есіл ауданы Красивин орта мектебі;

ІІ орын - Алешина Анастасия 6 сынып оқушысы және тарих пәнінің мұғалімі Асылбеков Азамат Шерниязұлы, Жақсы ауданы Белағаш орта мектебі;

ІІІ орын - Бакирова Әмина Пазулбайқызы,. Атбасар қаласы №2 ОМ тарих мұғалімі.

«2020 жылға менің өлкемнің атаулы даталар күнтізбегі» номинациясында қатысушылар өз аудандары мен қалаларының 2020 жылға арналған жобалары мен жоспарларын көрсетті.

І орын - Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-лицейі;

Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-гимназиясы;

ІІ орын - Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;

ІІІ орын -  Сандықтау ауданы.

Жалпы командалық орын:

І орын - Есіл ауданы;

ІІ орын - Жақсы ауданы;

ІІІ орын - Атбасар ауданы..

Форумның екінші күні Щучье қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде пленарлық отырыс өтті. Жақсы ауданы белағаш орта мектебінің ұжымы театрландырылған прологпен іс-шараны ашты.

Спикерлер ретінде 2019 жылы өздерін әсіресе айқын көрсеткен педагогтар мен оқушылар қатысты. Пленарлық отырыстың модераторы Есіл ауданы Безулук орта мектебінің 7 сынып оқушысы Назгүл Қанашева болды. спикерлер: Есіл ауданы Безулук орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ринат Уразметова, Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Темірғали Мөлдір, Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Нұрәділет Капсалям, Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері Күнсұлу Мендыбайқызы Нұрғалиева, өлкетану бойынша іс-шараның тұрақты әділқазы мүшесі Зеренді ауданының М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін  орта мектебінің тарих мұғалімі Нұрсейітов Талғат Олжабайұлы, Көкшетау қаласы №16 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Алиев Мухомет Мухомметрахимович, Есіл ауданы Безулук орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі Туктубаева Елена Николаевна.     

«Легенды Приишимья» атты жобамен Оразметова Рината мен Канашева Назгүл баяндама жасады. Олар өз жұмысында жергілікті аңыздар мен мұрағаттық материалдарды зерттеді, салыстырмалы талдау жасады, дәл осы жұмыспен олар экологиялық-туристік-өлкетану фестивалінде бірінші орынды иеленді. Ал Нұрғалиева Күнсұлу Меңдібайқызы «Музей-тарих, музей- тағылым» атты баяндамасында  музейдің тәрбиелік ролін атап өтті. Осы тақырыпты Темірғали Мөлдір «Музей тарихы» атты жобасымен жалғастырды. Нурсейітов Талғат Олжабайұлы оқушылары Улатай Санжар, Дәулет Ерназармен бірге бурабай ауданы Жаңаталап а. өздері қатысқан археологиялық қазбалар туралы айтып берді. Капсалям Нұрәділет «Ұлы даланың-Ұлы есімі»  атты тақырыпта баяндама жасады. Алиев Мухомет Мухомметрахимович «Геологическиое движение юных геологов - как способ развития профориентационной работы среди школьников» атты мастер-классын өткізді, барлығын алдағы Геологиялық фестивальға қатысуға шақырды. Оған «Жас геолог» үйірмесінің мүшелері көмектесті, шатырларды құрып, «Геолог әнұраны» гитарамен шырқалды. «Краеведческая деятельность как системообразующий компонент воспитательной системы школы» атты тақырыпта Туктубаева Елена Николаевна сөз сөйледі.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар шығарылды:

1. Өлкетану бағыты бойынша оқушылар арасында ең қызықты жұмыстарды анықтап, оны кеңінен насихаттау;

2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бізге қызықты іс – шаралар (туристік-тарихи өлкетану бағыты бойынша іс-шаралар, туриадалар, марафондар, акциялар және т.б.) өткізу жайлы ұсыныстар енгізу;

3. Жас өлкетанушылардың кіші академиясының жұмысын жақсарту;

4. «Өлкетану» бағыты бойынша әдістемелік құралдар мен нұсқаулар шығару, үздік жобалар мен зерттеу жұмыстарын басып шығару;

5. Әлеуметтік желіде топ құру, онда пікір алмасуға, балаларға туған өлкесінің тарихын тереңірек зерттеуге, өлкетану саласындағы жаңа зерттеулерге пайда келтіруге мүмкіндік беретін қызықты және жаңа өлкетану материалдарының жинағын шығаруға болады.

Пленарлық отырыстан кейін қатысушылар қысқы Бурабайға саяхат жасады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, төсбелгілер, «Рухани жаңғыру» логотипі бар шалғылар табыс етілді. Номинация жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, қатысушыларды дайындаған ұстаздарға және әділқазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, әрбір делегацияға 2019 жылғы үздік экологиялық-өлкетану жобаларының жинақтары, «Мәдени-тарихи құндылықтарды жаңғырту құралы ретінде балалар туризмін жетілдіру жолдары» орталықтың кітабы (2018 жылдың қорытындысы), «Жастар» журналы кіретін сыйлық пакеттері табысталды.