05 мам, 2021 сағат 17:56

Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленді


Ақмола облысында 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден біржолғы ақшалай төлем жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстың тоғыз өңірінде 20 ардагер тұрады. 

Біржолғы ақшалай төлем Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және «ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бойынша аударылады. 

Бұл санаттарға 5600 адам кіреді. 

«Төлем жасалды, қаражат ардагерлердің шотына аударылды» деді ведомстводан. 

Айта кетейік, бюджетте бұл мақсатқа 146 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын.