Ақмола облысында мас ер адам қоқыс жәшігімен банкоматтарға залал келтірген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Атбасар аудандық полиция басқармасына банктік қызмет көрсету орталықтарының бірінің басшысынан арыз түскен. Ол 28 наурыз сағат 02:40 шамасында белгісіз адамның қаржы ұйымына тиесілі екі банкоматқа зақым келтіргенін хабарлаған.
Шығын - 2,7 млн теңге.
Қылмыскердің барлық әрекеті банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Қылмысқа қатысы бар адам ұсталды. Қазір істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексі 202-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" - дейді полиция өкілдері.